Алматы тұрғыны Димаш Құдайбергеннің портретін шаң айнаның бетіне бейнелеген (видео)
Алматы қаласының тұрғыны Джохар Юнусов танымал әншінің суретін өзінің Instagram желісіндегі парақшасына жүктеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Желідегі бейнежазбада суретшінің өзінің еңбегін аяқтап жатқандығы байқалады. Ол Димаштың "Жаңа толқын-2018" байқауында өнер көрсетуін бейнелепті. Суретші әншінің өнеріне деген сүйіспеншілігін осылайша білдіргісі келген көрінеді.
Бұған қоса видеода әншінің орындауындағы "Күнәлі құштардық" әні естіледі.
Әлеуметтік желі қолданушылары суретшінің шығармасын көріп, өз ықыластарын білдіріп жатты.
"Сіз таңқалдырудан жалықпайсыз", "Нағыз талант", "Бәрекелді, суретші! Шығармашылыққа шабыт беретін Димашқа мың алғыс" деп жазыпты олар.
Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайбергеннің АҚШ-та дүркіретіп концерт өткізгені айтылған еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды