Алматылық әйел он төртінші баласын дүниеге әкелді
Алматылық Елена Бородюктің отбасында он төртінші сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа туған нәрестенің бойы – 55 сантиметр, салмағы төрт килограмнан асады.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі қан кету қаупі жоғары болғандықтан, әйелді босандыруға перинаталдық орталықтың барлық бригадасы қатысқанын хабарлады.
"Біз Құдайдың берген баласын қуана қабылдаймыз. Біз үлкен отбасымыз. Қазір менің үлкен ұлым әке болуға дайындалып жатыр. Көмек қолын созған барлық дәрігерлерге рахмет", – дейді әйел.
Елена Бородюктің жеті ұлы мен жеті қызы бар.
Ана мен бала өзін жақсы сезінеді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды