Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстандық алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын айтып, көлік жүргізушілеріне ескерту жасады (видео)

Алматылық ер адам алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын айтып дабыл қақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Коллаж: Stan.kz

Ер адам халықты алдаудың жаңа түрі туралы TikTok желісінде айтып берді. 

“Алаяқтықтың жаңа түріне тап болдым. Әрине жаңалық емес шығар, бірақ менде бірінші рет болды. Сауда орталығына барып, көлігімді тұраққа қойдым. Кілтім жұмыс істемей қалды. Қуаты бітті деп ойладым. Көлігімді құлыптай алмаған соң ашық күйде қалдырдым. Сауда орталығына кіріп, батарея іздедім. Сатушы көлігің осында тұр ма, ашық қалды ма, деп сұрады. “Иә” деп жауап бердім. “Тез көлігіңізге барыңыз! Сауда орталығында алдаудың жаңа түрі шықты. Кейбір алаяқтар осында отырып сигнал дыбысын өшіреді. Ал сіз көлікті ашық күйде қалдырасыз. Сосын олар көлігіңізді тонайды” деп айтты", – деді ер адам. 

@teplomaster_astana #Repost ♬ оригинальный звук - teplo_master_astana. 01

Ер адам көлігіне тез жүгіріп барып, тексергенін мәлімдеді. 

“Тез жүгіріп барып, көлікті орнынан жылжытып, 20 метр жүрдім. Жақсы жұмыс істеп тұр екен. Көлік жүргізушілері, сақ болыңыздар! Бұл қазір тарап жатқан алаяқтықтың жаңа түрі”, – деді ер адам. 

Желі қолданушылары мұндай алаяқтық 15 жылдан бері жалғасып келе жатқанын айтты.

"Тіпті сатушылар біледі. Тек полицейлер мен күзетшілер білмейді", "Айтпақшы, полицейлер біледі. Бұрын Розыбакиевте орналасқан Mega сауда орталығының жанында жұмыс істеген кезім болды. Тәртіп сақшылары камераларды тексеруге келіп, біреулердің сигнал дыбысын бәсеңдетіп, көліктерді тонап жатқанын айтты. Бірақ олар камера арқылы таба алмады", "Мұндай жағдай Жангелдиндегі Magnum сауда желісінде болған", "Мұндай ұрлық 15 жылдан бері жалғасып келеді. Мен танитын бір жігіт мектеп кезінен осындай тірлікпен айналысып, кейін полиция ұстап әкеткен", – деп жазды олар. 

Ал кейбір желі қолданушылары бір кездері осындай жағдайға тап болғанын айтып, басынан өткізген жайды баяндап берді. 

"Менің басымнан да осындай жағдай өткен. Ол Розыбакиевадағы Mega сауда орталығында болды. Жаңа машина оталмай қалды. Аккумуляторын ауыстырсам да қосылмай тұрып, 2 сағаттан соң іске қосылды", "Менде дәл осындай жағдай Розыбакиевадағы Mega сауда орталығында жерасты жабық тұрағында болды. Көлігімді жаба алмай қалдым. Көлікті қашықтан басқару құралымен де, перне түймесі арқылы да жабу мүмкін болмады. Біраз уақыттан соң көлікті 2 қатарға жылжыттым, сол кезде ғана іске қосылды. Мен де сол кезде қуаты отырған шығар, мүмкін осылай қалдырып, батарея алып келермін деп ойладым. Бірақ ішкі түйсігім көліктің кенеттен құлыптануы түсініксіз жәйт екенін сезді. Осы видеоны көрген соң сол сәт есіме түсіп кетті", – деп жазды желі қолданушылары. 

Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Алматы қалалық полиция департаментіне “Осындай жағдай тіркелді ме, мұндай алаяқтықтан қалай қорғану керек?” деген сауалдармен жүгінді. Алайда полиция әлі жауап берген жоқ. 

Жұмаділлә Нұрила
Сейсенбі, 01 Сәуір, 2025 14:06
Талқылау