Алматы әкімдігі жер сілкінісінен зақымдалған ғимараттар туралы айтып берді (видео)
Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы қуатты зілзаладан кейін кейбір ғимараттарға зақым келгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жер сілкінісі салдарынан ғимараттардағы төбе, сылақ, кафель және қасбетті әрлеу сияқты әрлеу материалдарына зақым келген.
“Бұл зақымданулар тірек конструкцияларының бұзылуынан емес. Әрлеу материалдарының бүліну, бүлінбеуі оның тұрақтылығы, бекіту сапасы мен материалдың өзіне байланысты. Қазіргі таңда аудан әкімдіктері жанынан кешенді тексеру жүргізу үшін уәкілетті органдардың құрамымен жұмыс топтары құрылды”, – делінген хабарламада.
- "Жағымды жаңалық жоқ": Сейсмолог бүгінгі жер сілкінісі өзін не себепті қорқытқанын түсіндірді
- 2024 жылғы Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланды
Жер сілкінісі салдарынан зақымдану анықталған жағдайда, нысандардың тізімі сараптамалық ұйымдар сейсмикалық тұрақтылыққа тексерулер жүргізу үшін Алматы қаласының урбанистика және қала құрылысы басқармасына жіберіледі.
Айта кетейік, бүгін Алматыда 5 балдық қуатты жер сілкінісі тіркелген еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды