Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Кеңсай-2 зиратын жауып тастады

Алматыдағы «Кеңсай-2» зираты карантиннен кейінгі санитарлық жұмыстарға байланысты 20 тамызға дейін жабылды. 

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде марқұм Айсұлтан Назарбаевты Алматыдағы Кеңсай-2 зиратына жерлейді деген ақпарат тарады. Жерлеу рәсіміне дайындық жұмыстары зират аумағында жүргізілгені хабарланды.

Sputnik Қазақстан тілшілері зиратқа барып, нақты не болып жатқанын білді. Кеңсай-2 зираты Кеңсай зиратының жанында орналасқан, онда Ғабит Мүсірепов, Дінмұхаммед Қонаев және басқа да көрнекті тұлғалар жерленген.

Айта кету керек, көптеген танымал қазақстандықтар Кеңсай-2 зиратында жерленген: атақты музыканттар, ақындар, суретшілер және шенеуніктер.

Айтпақшы, мұнда Айсұлтан Назарбаевтың атасы Мұхтар Әлиевтің қабірі бар.

Журналистерге ішке кіру мүмкіндігі болмады - қақпалар жабылып, қауіпсіздік қызметі ешкімді кіргізбеді.

«Санитарлық күн! Зират бейсенбіге дейін жабық болады, ешкім өтпейді», - дейді жергілікті күзет қызметкері.

Оның айтуынша, карантиннің жеңілдетілгеніне байланысты санитарлық жұмыстар жүргізілуде. Кеше немесе бүгін жерлеу рәсімдері болды ма деген сұраққа ол «жоқ» жауап берді.

Зират «Жерлеу қызметтері арнайы комбинаты» ЖШС-нің балансында.

«Зират бейсенбіден бастап келуге рұқсат етіледі. Санитарлық күндер енді басталды. Олар жиі болмайды, бірақ карантинге байланысты олар тазалық жұмысын өткізуді ұйғарды», - деп хабарлады компания.

Талқылау