Алматыда аудан әкімінің орынбасары 14 миллион теңге парамен ұсталды
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алу бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алу бойынша күдікке ілінгені айтылады.
- "Әкімдік мұз сарайын 128 миллионға сатып, артынша 1 миллиардқа жалға алған алған": Шымкент әкімі мәселені қалай шешетінін айтты
- Жымқыру, сөз байласу, ысырап ету: Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қандай жаңа айыптар тағылды?
“Сома мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесуге арналған. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды”, –делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі таратқан ақпаратта.
Тергеу жалғасуда.
“Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – деп қосты агенттік.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін