Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін аяусыз өлтірген ер адам 22 жылға сотталды
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін аяусыз өлтірген Асқар Тастандиевке қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Коллаж: КТК
Прокурор соттан айыпталуышыға 24 жыл тағайындауды сұраған, ал жәбірленуші тарап өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап етті.
Сотпен анықталғаны 2023 жылдың қыркүйегінде сотталушы құрбысының қарым-қатынасты жалғастырғысы келмейтінін біліп, кек алу мақсатында әлеуметтік желі арқылы оның таныстарына онымен бірге түскен фотолар мен видеоларды жолдаған.
2024 жылдың наурыз айында түнгі уақытта сотталушы мас күйінде жәбірленушімен жанжалдасып арты төбелеске ұласқан. Сотталушы өз көлігіне отырып, тұраққа шығатын жерге қарай бет алған, сол жерде жәбірленуші сотталушының тұрақтан шығуына жол бермей, қақпа мен шлагбаумды жауып тастаған. Сотталушы қақпаны, шлагбаумды және бағананы қағып, артында тұрған жәбірленушіні құлатқан. Ол тоқтамай, көлігімен жерде жатқан жәбірленушінің үстінен басып өткен. Одан кейін көліктен түсіп, жерде жатқан күзетшіні бірнеше рет ұрып-соғып, содан кейін көлігіне отырып кетіп қалған.
Жәбірленуші алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.
Сотталушыға екі бап бойынша, “асқан қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру” және “жеке өмірге қол сұғу” баптарымен айып тағылған. Тергеудің мәліметінше, экс-депутаттың ұлы танысының интимдік видеоларын таратып жіберген.
Сотталушы өзінің құрбысының жеке құпиясын таратты деген айыпты мойындамайтынын, ал күзетшінің өліміне кінәсін ішінара мойындайтынын айтты.
"Сот сотталушыны кінәлі деп танып, оған үкім шығарды. Үкімдерді ішінара қосу арқылы түпкілікті жаза 22 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кісі өлтіру үшін моральдық шығынды өтеу үшін 20 миллион теңге, ал жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзғаны үшін 4 миллион теңге өндірілді”, – делінген сот хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сот жабық режимде өтті.
Іс бойынша күдікті Аскар Тастандиев. Ол – бұрынғы депутаттың ұлы. Аскар Тастандиев 1994-1995 жылдары Жоғарғы Кеңестің депутаты болған Саламғазы Тастандиевтің баласы. Оның әкесі бір кездері Талдықорған облысында прокурор болып жұмыс істеген.
Журналист Михаил Козачковтың айтуынша, Аскар Тастандиев бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың курстасы.
Экс-депутаттың ұлы: Алматыдағы тұрғын үй кешенінде күзетшіні өлтірген күдікті туралы не белгілі
"Оқырмандарым маған Аскар Тастандиев, күзетшіні өлтірді деген күдікке ілінген азамат, Қуандық Бишімбаевпен бірге оқығанын жазып жатыр. Олар Narxoz университетінде бір топта немесе бір курста оқыған", – деп жазады Михаил Козачков.
Ал Аскар Тастандиевтің өзі бизнеспен айналысқан. Ажырасқан, екі баласы бар. Күдікті өз тұратын тұрғын үй кешенінің тұрғындарына да тыныштық бермеген.
Қайғылы оқиға 2024 жылы 29 наурыз күні болды. Алматыдағы "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешенінің тұрғыны Асқар Тастандиев өзінің жол талғамайтын көлігімен қақпаны қиратып, күзетшіні бірнеше рет басып өтіп, кейін көліктен шығып, ер адамды тепкілеп тастаған. Оқиға бақылау камераларына түсіп қалған. Оқиғадан кейін күдікті 14-қабатқа көтеріліп, терезе алдына отырып, өзіне қол жұмсаймын деп қорқытқан, бірақ полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап үлгерді.
Көршілердің айтуынша, күзетші мас күйдегі Тастандиевті көлікпен кешеннен шығармауға тырысқан. Олардың айтуынша, ер адамның ата-анасы күзетшіден баласын бақылауды, сыртқа шығармауды жиі сұраған. Осы жағдай жанжалдың басталуына себеп болуы мүмкін.
Ауруханаға бара жатқан жолда күзетші Нұрбол есінен танып, медициналық мекемеге жеткенде көз жұмды. Диагноз бойынша, күзетшінің тамырлары үзілген, қабырғалары сынған, бір қабырғасы өкпесін тесіп өткен, аяғы жаншылған.
Күдікті дереу қамауға алынды. Алайда 13 қыркүйекте тергеу уақытша тоқтатылды. Себебі Тастандиев психиатриялық көмек көрсететін арнайы медициналық мекемеге жатқызылған. Сол кезде қызмыскерді ақыл-есі дұрыс емес деп танып, жазадан құтылып кетуі мүмкін деген сыбыстар тарай бастады. Алайда сараптама 45 жастағы күдіктінің психикалық тұрғыдан сау екенін және сот алдында жауап бере алатынын дәлелдеді. Кейіннен күдіктіге қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды.
Осыған дейін іске қатысты сот отырысының басталғанын жазғанбыз.