Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпқабатты үйде болған өрт салдарынан әйел көз жұмды

Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы үйде болған өрт салдарынан 1 адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

өрт

Әйел алған жарақаттарынан көз жұмған. Өрт кезінде барлығы 43 адам зардап шекті. 

“Көпқабатты үйдегі өрт бойынша 23 жедел жәрдем, соның ішінде 5 жансақтау бригадасы жұмылдырылды. Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр, тағы төртеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді, үш баланың ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты”, – делінген хабарламада. 

12 ересек адам қалалық көпбейінді ауруханаларға жеткізілді, соның ішінде 5 адам ауруханаға жатқызылған. Басқалары қажетті жедел медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық бақылауға жіберілді. Өрттен зардап шеккен қалған адамдардың жағдайы тұрақты.

Еске салайық, бұған дейін Ақкент шағынауданындағы өрттің сөндірілгенін хабарлаған едік. ТЖД мәліметінше үйдің 1 және 16-қабатында электр кабельдері жанған.

Талқылау