Алматыда қауіпсіздікті сақтамаған көлік жүргізушісі мотоциклшіні қағып кетті
Алматыда автокөлік мотоцикл жүргізушісін қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы Алматы қаласындағы Мұқанов көшесінде болған.
Куәгерлердің айтуынша, Volkswagen Polo автокөлігі Мұқанов көшесінің бойымен солтүстік бағытта жүрген. Қазыбек би көшесінен төмен қарай жүргізуші маневр қауіпсіздігіне көз жеткізбей, бұрылуға шешім қабылдаған.
Осы уақытта ұқсас бағытта мотоцикл жүргізушісі келе жатқан, автокөліктің тосын бұрылысына дайын болмаған ол машинаға соғылған.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан мотоциклші көптеген жарақаттар алып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды