Алматыда ер адам сүйіктісінің әкесін көпшіліктің көзінше бауыздап өлтірді

Фото: Видеодан скрин
Алматыда ер адам азаматтық некедегі әйелінің өгей әкесін бауыздап өлтірген. Жантүршігерлік оқиға даладағы жасөспірімдердің көз алдында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AstanaTV арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода ер адамның жерде жатқан адамға бірнеше рет пышақ сұғып жатқанын көруге болады. Сорақысы, бұл қорқынышты оқиғаның куәгерлері – жасөспірімдер. Олар бұл сәтті видеоға түсіріп алған. Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
“Аталған факті бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті “ізін суытпай” ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында қылмыстың тұрмыстық негізде, ер адамдар арасындағы жанжал кезінде жасалғаны анықталды”, – деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”