Алматыда енді көпбалалы аналар мен бірінші топтағы мүгедектер жол ақысын төлейтін болады
Алматыда бенефициарлардың қоғамдық көлікте тегін жүру ережесі өзгерді. Енді көпбалалы аналар мен бірінші топтағы мүгедектер жол ақысын төлейтін болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл шешім Алматы қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында қабылданды. Сондай-ақ қалалық қоғамдық көлікте тегін жүруге құқылы азаматтар анықталды.
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар;
- 75 жастан асқан зейнеткерлер;
- екінші топтағы мүгедектер және он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;
- Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заңға сәйкес ақталған адамдар;
- басқа мемлекет аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан