Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әйелді тонап кеткен ұры бейнебақылауға түсіп қалған

Алматыда ұры бейнебақылау объективіне түсіп қалған. 22 жастағы жас жігіт әйелді тонамақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме беріп.

Полиция мәліметінше, 22 жастағы жігіт қалаға Түркістан облысынан келген. Ол қараңғыда ешкім жоқ кезді пайдаланып, әйелді тонаған.

“Жергілікті тұрғын қылмыскердің құрбаны болды. Қараңғыда ұры қыздың соңынан еріп жүрді, қолайлы сәтті таңдап, айналасында ешкім жоқ кезде қызға шабуыл жасап, ұялы телефонын тартып алды. Абырой болғанда, жәбірленуші зардап шеккен жоқ.

Оның сөздерімен қылмыскердің болжамды сұлбасын құрдық, бейнебақылау жүйелеріне жүгіндік. Қарасай батыр көшесіне орнатылған камералардың бірінде ұрлықшы өзінің жәбірленушісінің соңынан ерген сәті түсірілген. Бұл деректер тонау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігімен тергелген қылмыстық іс материалдарына да қоса тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

 

Талқылау