Алматыда автобус екі адамды қағып кетті
9 қыркүйекте Алматыда автобус жүргізушісі екі адамды қағып кетті. Салдарынан ер адам оқиға орнында жан тапсырған, ал әйел ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Жолаушылар автобусының жүргізушісі Абай даңғылымен батыс бағытта қозғалып келе жатқанда жолды белгіленген орыннан кесіп өтпек болған екі адамды қағып кеткен.
Салдарынан 1958 жылы туған ер адам оқиға орнында жан тапсырған. Ал 1957 жылы туған әйел ауруханалардың біріне жеткізілді.
"Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды", – делінген полиция хабарламасында.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды