Алматыда анасы таксиде қалдырып кеткен 4 жастағы қыз іздестіріліп жатыр
Полиция Қалмақбай Мәрмәр есімді 4 жастағы қызға іздеу салды. Бүлдіршіннің анасы қызды Жамбыл ауданынан Алматыға беттеген белгісіз ақ көлікте қалдырып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Іздеу жұмыстарына кіріскен еріктілердің мәліметінше, 2024 жылы 2 қаңтар күні сағат 20:00 шамасында 1984 жылы туған Бақытгүл Қалмақбай есімді келіншек Жамбыл ауданы, Үмбетәлі ауылынан Алматыға жолға шығады. Ол жол жөнекей көлік тоқтатқан. Келіншек қалаға жете сала шамамен сағат 20:49-да көлікте ұйықтап жатқан баланы қалдырып, Б.Момышұлы көшесіне жетпей, Райымбек көшесінен түсіп қалған.
Айрықша белгілері: дене бітімі орташа, шашы қара, қысқа, көзінің түсі қоңыр.
Бұған дейін Талдықорғанда 14 жастағы қыз жоғалып, полиция қызметкерлері іздеу жариялаған болатын.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”
"Асқан қатыгездік": Қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"