Қазақстанда алимент төлеуден жалтарған ер адам бір жылға бас бостандығынан айырылды
Алматыда екі баласына 5 жыл алимент төлемей жүрген 32 жастағы ер адам сотталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдрахманов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған қалалық соты алимент төлеуден жалтарып жүрген әкені 1 жылға бас бостандығынан айырды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу Алматы қаласы бойынша анықтау департаментінің анықтау басқармасының тергеушілеріне жүктелген.
"1990 жылы туған Ч. есімді ер адам бес жыл бойы екі кішкентай баласына алимент төлеуден жалтарып келген. Өзін қорғау үшін ол ресми кірісі жоқ екенін алға тартты. Сотқа дейінгі тергеп-тексерумен анықталғандай, күдіктінің ресми кірісі болған", – дейді Рустам Әбдрахманов.
Бүгінге дейін ер адамның балалары алдындағы қарызы 5,1 млн теңгені құрайды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі