Алматы тұрғыны 2 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін сотталды
Алматы тұрғыны екі миллиард теңгені заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Ол үш жыл бойы коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтару бойынша қызмет көрсеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаржы мониторингі комитетінің мәліметінше, тергеу барысында ер адам үш жыл бойы (2016 жылдан 2019 жылға дейін) коммерциялық компанияларға салық төлеуден жалтаруға көмектескені анықталды.
"Ол өзіне тиесілі компания арқылы коммерциялық ұйымдарға салықтан жалтару үшін, жалпы сомасы 2 млрд теңгеге сауда-саттық болды делінген жалған шот-фактуралар жазу", - делінген ведомство хабарламасында.
Нәтижесінде сот оны кінәлі деп тауып, екі жарым жылға бас бостандығынан айырды.
Сондай-ақ, соттың үкіміне сәйкес, аталған азаматқа экономикалық қызмет саласында басшылық қызметпен 10 жыл мерзімге айналыспау туралы шектеу қойылды.
Талқылау
Қазақстандықтар RAMS Qazaqstan-дағы пәтерлерінен айырылып қаламыз ба деп қорқып отыр: Компания туралы не белгілі
Қазақстандағы ірі құрылыс компанияларының бірі RAMS кейінгі уақытта қоғам талқысынан түспей жатыр
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр
Желі қолданушысы: “Бұл биліктің назарды мәселеден басқа нәрсеге бұруы”