Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев референдумда өз таңдауын жасады
Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан № 974 сайлау учаскесінде болып, референдумдағы өз таңдауын жасады.
Жалпы дерек бойынша Алматы облысында 1 392 237 сайлаушы бар. Олар 1053 сайлау учаскесінде дауыс береді деп күтілуде. Ал аймақтағы сайлау учаскелері таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Сондай-ақ референдумға 1074 комиссия тартылған, оның ішінде 21 комиссия аумақтық және 1053 комиссия учаскелік мәртебеге ие. Қазіргі сәтте оларда барлығы 7636 комиссия мүшесі сайлаушыларға қызмет көрсетуде. Референдум учаскелерінде бақылаушылар да өз міндетерін атқарып жатыр, әзірге облыс аумағында заң бұзу дерегі тіркелген жоқ.
Талқылау

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр