Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерінен ұрланған ақша: Күдікті Таразда жасырынған

Алматы облыстық балалар үйінің әлеуметтік педагогы тәрбиеленушілердің қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

түрме

Жедел-тергеу тобы Таразда 30 жастағы әйелді ұстады. Ол Алматы облысындағы балалар үйінің әлеуметтік педагогы болып қызмет еткен.

"Күдіктіні жедел уәкілдер Алматыға жеткізді. Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі "Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ірі көлемде иемдену немесе ысырап ету" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген қылмыстық істің материалдары, сондай-ақ күдікті Алматы қаласының экономикалық тергеу басқармасына тапсырылды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Алматы облыстық № 1 балалар үйінің әлеуметтік педагогы тәрбиеленушілердің шоттарынан ақша ұрлады деп айыпталған. Заңды түрде мекеме Алматы облысына кіреді, бірақ аумақтық жағынан қаланың Бостандық ауданында орналасқан. Сондықтан бұл факт қалалық полиция департаментінде тіркелді.

Талқылау