Алматы облысында жедел жәрдем көлігі екі қызды қағып кетті
12 қыркүйекі күні Есік қаласында жедел жәрдем жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан екі қызды қағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: t.me/kris_p_almaty_official
Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Есік қаласындағы Алтын Адам аллеясы көшесімен келе жатып жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан екі қызды қағып кетті.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апатына қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Зардап шеккен екі қызға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, олар амбулаторлық ем алуға жіберілді. Жедел жәрдем арнайы көлік тұрағына қойылды.
Бұған дейін Алматыда мопедші жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен еді.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген