Алматы облысында таэквондо жаттықтырушы 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінді
Алматы облысында таэквондо жаттықтырушысы өзінің қоластындағы 14 жастағы спортшымен жыныстық қарым-қатынас түсті деп айыпталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жаттықтырушының ісін Алматы облысындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарап жатыр.
4 сәуірде басталған сот процесі Қарасай ауданының Қаскелең қаласында өтуде. Ведомствоның мәліметінше, кезекті тыңдау 18 мамырға белгіленген.
"Процесс жабық өтуде. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Сол бойынша сотқа қатысады. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы яғни "көрінеу 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас" бойынша сотқа түсті” , – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Бұл факт өңірде елеулі резонанс тудырды. Оқиға туралы ақпаратты алғаш "Немолчи.kz” қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі айтты. Олар тергеу барысы мен сот процесін бақылауға алып отыр.
Оның айтуынша, бастапқыда полиция екі эпизод бойынша тергеу жүргізген. Яғни құқық қорғаушы 120-бап (зорлау) және 121-бап (жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық) бойынша қылмыстық іс қозғады деп болжап отыр.
Бірақ кейінірек қыздың өз еркімен жыныстық қатынасқа түскені айтылып, қылмыстық іс неғұрлым жеңіл 122-бап бойынша (көрінеу 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас) қайта қаралған.
"Қазақстан Қылмыстық кодексінің 122-бабы - педофилдер үшін мереке, әсіресе балалар спорт мектептеріндегілерге жақсы болды", - деп жазды "Немолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі.