Алматы облысында шетелдік азамат жасырын медресе ашып, 19 баланы оқытқан
Қарасай ауданының прокуратурасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп 19 бала заңсыз тәрбиеленген жасырын діни медресені анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Шетелдік азамат балаларға дінді заңсыз оқытқан.
“Жеке үйдің аумағында Тәжікстанның азаматы балаларға араб жазулары бар діни әдебиеттерді қолдана отырып сабақ берді. Тексеру барысында діни әдебиеттің 179 данасы, сондай-ақ "Iphone" маркалы ұялы телефон және "HP" маркалы ноутбук тәркіленді”, – делінген хабарламада.
Аталған іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Медреседе білім алған барлық бала ата-аналарына қайтарылды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды