Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында анасы 2-сыныпта оқитын ұлының зорланғанын айтып шағымданған – ІІМ

Алматы облысында педофилияға қатысты түскен шағым бойынша әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ішкі істер министрлігінің ресми сайты жазады.

зорлау

"23 наурыз Жамбыл ауданының полиция бөліміне Қасымбек ауылының тұрғыны арызданды. Ол өзінің арызында сол күні сағат 16:00 шамасында 2015 жылғы кәмелетке толмаған ұлына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері жасалғанын хабарлады. Арызданушының айтуынша, 2011 және 2008 жылғы екі жасөспірім ауылдың шетінде, өз жастарынан әлдеқайда кіші баланы қорлаған", – делінген бейсенбіде тараған ақпаратта.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындаумен тергеу жүргізіліп жатыр.



Аталған дерек бойынша оқиға қатысушыларының бірінің әкесіне, оқиғаның негізгі қатысушысы – 2011 жылғы кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты ҚР ӘҚБтК 127-бабының 3-бөлігі негізінде  әкімшілік іс қозғалған.

"Бұдан өзге, тиісті материалдар 27 наурыз күні осы жасөспірімді мамандандырылған мектепке анықтау туралы мәселені қарау үшін уәкілетті органға жіберілді. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", –  деп қосты полиция.

Талқылау