Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алматы марафонының" қатысушысы мәреге жеткен соң көз жұмды

Алматыда 25 қыркүйекте өткен "Алматы марафонының" 47 жастағы қатысушысы мәре сызығын кесіп өткеннен кейін көз жұмды. Ер адамға алғашқы көмек көрсетілген, алайда аман алып қалу мүмкін болмаған, Stan.kz ақпарат агенттігі. 

марафон

Мәреде кезекшілікте жүрген жарыстың бас дәрігері Оразбек Саховтың айтуынша, Рүстем Садықов Республика алаңында мәре сызығын кесіп, бірнеше метр өткеннен кейін бірден құлаған.

"Біз оған бірден көмек көрсете бастадық. Алғашқы көмекті еріктілер көрсетті. Одан кейінгі жүрек-өкпе реанимациясы қалалық жедел жәрдем станциясының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілді. Бастапқыда жүрек іске қосылды, синус ырғағы пайда болды, 2 минуттан кейін жүрек ұстамасы қайта басталды. Реанимациялық шаралар 30 минутқа созылды, оның ішінде соңғы 10 минут жедел жәрдем көлігінде жасалды. 10:15-те қатысушы қайтыс болды. Ресми себеп сот-медициналық сараптамадан кейін ғана айтылуы мүмкін", – деді Оразбек Сахов. 

Марқұмның жақындары ол жүгіру шарасына бірінші рет қатысып отырмағанын айтады. Сәуір айында Алматы жартылай марафонында, 2021 жылы Алматы марафонында 10 шақырым қашықтықта жүгірген.

Жарысты ұйымдастырушылар марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Рүстем Астанадан жарысқа арнайы келген, ұйымдастырушылар оның денесін өз қаласына тасымалдауға қаржылай көмек көрсетеді.

Талқылау