Алматы хостелінде болған өрттен қаза тапқандардың төртеуі шетел азаматы екені анықталды
Алматыда хостелде болған өрттен қаза тапқан 13 адамның барлығының жеке басы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Хостелде болған өрттен қаза тапқандардың жеке бастары анықталды”, – делінген полиция дерегінде.
Олардың тоғызы Қазақстан азаматы, екеуі Ресей азаматы және екеуі Өзбекстанның азаматы.
- Алматыдағы хостелдің өртке дейін қандай күйде болғаны көрсетілді (фото)
- Студенттер даяшы болып жұмыс істеген: Алматыда хостелдегі өрттен достарын жоғалтқан куәгер мән-жайды айтып берді
Сот-медициналық сараптамасы тағайындалған.
Бұған дейін Алматыда хостелдегі өрттің салдарынан 13 адам мерт болғаны айтылды. 56 адам мектепке уақытша орналастырылды. Өртенген хостелдің 1,5 ай бұрын ашылғаны белгілі болды, онда шетелдіктер тұрып келген. Министрлер кабинеті өрттің шығу себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрды. Сонымен қоса хостелдегі өртке байланысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.
Қазақстандық егіз қызы мен ұлын зорлап келді деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді