Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алғашқы ұшақтар қандай болды: ішімдік, бортта темекі шегу және жатын бөлмелер (фото)

Ертеректе ұшақ салондары бүгінгіден мүлдем өзгерек болды. Қазіргі уақытта ұшақта жатып ұйықтағың келсе ақша төлейсің. Ал бұрын қалай еді? Ол кезде лауазымды немесе бай-қуатты жолаушылар қалай ұшатын? Бұл сұраққа авиация тарихынан сыр шертетін төмендегі суреттер жауап берсін.

Firststclass151

Firststclass01

1. Ең алғашқы ұшақтар ұзын әрі жіңішке болатын, ал жолаушылар орындығы ұшаққа енгізілген жаңа технологиядай көрінетін. Ол құдды әр ұшақта болмайтын жаңалық іспетті еді. Ұшаққа арналған ең алғашқы орындықтар қарапайым кресло мен орындықтар болды. Әрі бұл кезде адамдар пилоттың артында отыратын, яғни екі аралықта ештеңе тұрмайтын. Ал оның түр-келбеті шамамен мынадай болды. 1926 жыл. Жылытқышы бар кабина екінің біріне бұйырмайтын.

Firststclass02

2. Бара-бара ұшақтар үлкенірек әрі ұзынырақ бола бастады. Ал орындықтар екі қатарға қойылды

Firststclass03

3. 1930 жылдардағы сурет.

Firststclass04

4. “Максим Горький” агитациялық ұшағы, 1934 жыл

Firststclass05

5. Ұшақтар жолаушыларды коммерциялық тасымалдауға жарап қалған шақта қызмет көрсету қызметкерлеріне деген сұраныс пайда болды. Бұл суретте Эллен Черч, әлемдегі ең алғашқы стюардесса. Ол өз жұмысын 1930 жылы бастады. Темекі шегуге рұқсат! Ұшақта темекі шегуге тек соңғы 20-30 жылдың көлемінде тыйым салынды. Бұрынырақта екі жолаушының біреуі түтін түтетіп отыратын. Ол уақытта қауіп туралы ешкім ойланбаған көрінеді.

Firststclass06

6. Авиациялық өндірістің мүмкіндіктері жыл санап арта берді. Ұшақтың жобасын жасаушылар 2-3 адамға арналған купе ойлап тапты.

Firststclass07

7. Париждегі ең үздік мейрамханада отырғандай күйге бөлену.

Firststclass08

8. Борттағы ақсүйектерге арналған салон.

Firststclass09

9. Төсек үстіндегі таңғы ас.

Firststclass10

10. Барлық нәрсенің негізі – тыныш ұйқыдан басталады.

Firststclass11

11. 1950-60-жылдарға дейін ұшақтағы орындардың барлығы бірінші класс болатын.  Билеттердің бағасы қымбат болғандықтан, ұшақпен тек қалталы азаматтар жүретін. Мәселен, Лондоннан Сингапурға дейінгі билет қазіргі бағаммен 17 600 доллар тұрған екен.

Firststclass12

12. Бұл да сол ұшақ, жолаушылар тамақтану үстінде. Назар аударыңыз: ыдыстардың өзі хрусталь мен фарфордан жасалған. Сондай-ақ, жолаушыларға алкогольді ішімдік ұсынылған.

Firststclass13

13. Британдық актерлер Уинифред Шоттер мен Джек Лестер Үндістанға ұшып барады, 1945 жыл.

Firststclass14

14. 1940 жылдардың соңы.

Firststclass15

15. Ұшақ бортындағы бар, шамамен 1945 жыл.

Firststclass16

16. Ұшақтарда жолаушыларға 5-6 ауысыммен тамақ ұсынатын.

Firststclass17

17. 1955 жыл, салон дизайнері – Генри Дрейфус

Firststclass18

18. Боинг 377 Стратокруизері «авиацияның алтын дәуірінің» бір символы ретінде саналады, ол 1949 жылдан бастап қолданысқа енгізілді. Онда жатын орындары да бар болатын.

Firststclass19

19. Ұшақтардың ыңғайлылығы соншалық, тіпті балалармен бірге саяхаттауға болады.

Firststclass20

20. Холл.

Firststclass21

21. Стратокруизердегі таңғы ас.

Firststclass22

22. Ал бұл сурет 1952 жылы түсірілген. Ең алғашқы коммерциялық реактивті ұшақтардың бірі. Әйел арнайы жабдықталған бөлмеде косметикалық процедуралар жасаумен айналысуда.

Firststclass23

23 .Боинг 707 ұшағы 1958 жылдан бастап Pan American-да (1960 жылдары әлемдегі ең мықты авиакомпания болатын) қолданыла бастады. 1959 жыл, жолаушылар махаббат үшін тост көтеруде.

Firststclass24

24. Бай-қуаттылар әңгімесі.

Firststclass25

25. Азаматтық авиация тарихындағы келесі маңызды кезең – Боинг-747. Бірінші класс жолаушыларына түскі ас берілуде.

Firststclass26

26. Ал бұл суретте жолаушыға шампан құйылуда. Ол уақытта стюардессаларға қойылатын талап жоғары болатын. Олардың сыртқы келбеттері мінсіз, өзін-өзі ұстау мәнері биік болуы керек-тін. Одан бөлек, стюардесса медбике (мәселен, қажет кезде әйел босандыратын), даяшы және үй тазалаушының міндеттерін жетік білуі тиіс болатын. Одан бөлек, қызметкердің салмағы 49-60 келі аралығында, ал жасы 21-27 аралығында күйеуге шықпаған қыз болуы тиіс. Pan Am-де жұмысқа қабылдау кезінде қыздар мәтінді француз тілінен ағылшын тіліне аударып, жүріс-тұрыстарын көрсету үшін бөлмені бір айналып шығатын. Ал іріктеуден өткендерге компания этикетті, географияны және әртүрлі мемлекеттердің дәстүрлерін үйрететін.

Firststclass27

27. 1960 жылдардың ортасы. Сәнді шашты стюардесса жолаушыларға ас ұсынуда.

Firststclass2828. Уылдырық қосылған канапе.

Firststclass29

29. 1960-жылдардың ортасы.

Firststclass30

30. Стюардтың киіміне назар аударыңыз.

Firststclass31

31. Америкалық Braniff International, 1967 жыл

Firststclass32

32. 1969 жылдың қазан айы. Кеңестік барлаушылар Леонтин және Моррис Коэн, Лондоннан Варшаваға ұшып барады. Бұл кезде де темекі шегуге рұқсат етілетін.

Firststclass33

33. КСРО-ның алғашқы ұшақтарына отырған жолаушылардың басым бөлігі бірінші класстың не екенін айта алмайды. Шындығында, олардың естерінде жоқ. Ал шын мәнінде ол уақытта да бірінші класс болған.

Firststclass34

34. Салонға ит кіргізуге рұқсат етілетін.

Firststclass35

35. Бірінші класс орындарына қарапайым адамдарды жиі отырғызатын.

Firststclass36

36. Кеңес азаматтары ұшу кезінде америкалықтар секілді алкогольді ішімдіктер ішпейді, олар Карл Маркс туралы оқып, әңгімелеседі.

Firststclass37

37. ТУ-104-тегі ас үй. Дәл осы шақта КСРО-да бортта тамақтану түсінігі қалыптасты.

Firststclass38

38. Барлық жерде ағаш панельдер және былғары.

Firststclass39

39. Бірақ ТУ-114 ұшағы бәрінен де таңғалдырды. Онда үш адамға арналған жатын купелері пайда болды. жолаушыларға көрпе мен жастық та берілді.

Firststclass41

40. Кеңес заманында да адамдар сән-сәлтанатта өмір сүре білді.

Firststclass42

41. Бұл бірінші класстағы отыратын орындар.

Firststclass43

42. Мемлекет басшысының салоны.

Firststclass44

43. Бұл 1961/62 жылдардың қыс айларына арналған Аэрофлоттың ақпараттық брошюрасы. Айта кетейік, 1962 жылы КСРО-да орташа айлық жалақы 84 рублді құрады. Ал 1973 жылы Мәскеу-Токио бағытында қатынайтын ұшақ билеті 1658 рубль тұратын (орташа жалақы 125 рубь).

Firststclass45

44. 1968 жылы Мәскеу-Монреаль-Нью-Йорк бағытында ИЛ-62 ұшағы алғашқы рейсін жасады.

Firststclass46

45. ТУ-144 ұшағындағы бірінші класс.

Firststclass47

46. Ал бұл 1980-жылдардың соңы мен 1990-жылдардың басындағы Аэрофлоттың жарнамалық суреттері.

Firststclass48

Firststclass49

Жіберіп алмаңыз:

Ұшу кезінде жолаушыларға не себепті терезе пердесін жабу міндеттеледі?

Британдық жиһанкез Жер шарын 80 күнде аралап шықпақшы

Қыз ба, ұл ма? Әлемдегі ең алғашқы жынысы анықталмаған сәби тіркеуге алынды

Қуыршаққа ұқсағысы келген трансвистит өзіне 58 рет ота жасатқан

 

Талқылау