Алдын ала төлем жасамау керек: ІІМ туристік фирмаларды таңдаған кезде мұқият болуға кеңес берді
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға туристік фирманы мұқият таңдауға кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Ақтөбе тұрғыны мамырда туристік фирманың директорына 250 мың теңге беріп алданған.
Ішкі істер министрлігі демалыстың қызған шағында турларды брондау кезінде келісімшарттарды мұқият зерделеуге, туристік ұйымдардан құжаттарды талап етуге және шарттарын мұқият тексеруге шақырды. Министрлік ақшаны алдын ала бермеу керегін айтты.
“Қазір алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысында бұл туристік фирманың директоры осылай облыстың бірнеше тұрғынын алдағаны белгілі болды”, – деп мәлімдеді Ақтөбе қалалық №2 полиция учаскесі бастығының орынбасары Бауыржан Жұмашев.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"