Жаңбыр мен бұршақ: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды
"Қазгидромет" еліміз бойынша 20-22 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Қазгидромет” мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық ауа ағындарының ықпалында болады.
“Соған байланысты күн күркіреп, жаңбыр мен бұршақ жауады. Қатты жел соғады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында нөсер жауын жауады. 21 шілдеден бастап елдің батысында солтүстік-батыс антициклонына байланысты жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы түнде солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 10-18 градус жылы болады", – делінген синоптиктердің хабарламасында.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды