AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Альцгеймер", "Паркинсон" ауруының белгілері анықталды: Вирус салдарынан жазылмайтын ауруға шалдыққандар тіркелуде

Әлем ғалымдары дабыл қағуда. COVID-19-дың ауыр формасымен науқастанған қарттардың бойынан Альцгеймер пен Паркинсон ауруының бастапқы белгілері анықталса, жастар арасында неврологиялық ауытқулар анықталуда. Сондай-ақ емделіп шыққан азаматтардың бойында ұйқысыздық, апатия мен есту-көру қабілетінің төмендеуі прогрессивті түрде дамыған.

Сонымен, "постковидтік" синдромның емі бар ма? Мамандар не дейді? Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Жүйкесі сыр беріп, ұзақ уақыт депрессиямен күрескендердің бірі – Арманай. Бойжеткен жарты жыл бұрын ковид жұқтырған. Дәм, иіс сезбеу былай тұрсын, апатия мен ұйқысыздық, түрлі депресивтік ойлар ұзақ уақыт мазалапты.

“Ковидпен ауырған кезде менде "Постковидный депрессия" болды. Өз өміріме бір қорқыныш болды. Жақындарым болды. Дәрігердің көмегімен белгілі бір уақыт ішінде емделіп жақсарып қалдым, Ең қорқыныштысы, өз денсаулығын үшін дем жетпегенде ешкім саған көмектесе алмай, жалғыз қалғаныңды түсінесін. Депрессияға жеңіл ұшырайсың", – деді қала тұрғыны Арманай. 

Арманай секілді "постковидтік синдромға" шалдыққандар көп. Уайым, мазасыздық, депрессия науқастардың тең жартысында байқалады. Оны америкалық ғалымдар да дәлелдеген. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, әрбір үшінші азаматқа "психикасы бұзылды" деген диагноз қойылған. Оны біздің мамандар да растап отыр.

"Жалпы ковидтен кейін адамдардың бойынан түрлі асқынулар байқалады. Солардың бірі – неврологиялық, яғни жүйке-жүйенің сыр беруі жиі кездеседі. Одан бөлек,  адамның есте сақтау қабілеті төмендеп, әлсіздікке душар болғандар бар. Мұндай асқынулар көбіне әрбір екінші науқастан анықталған", – деді психотерапевт Жібек Жолдасова.   

Ең сорақысы, коронавирустан емделіп шыққан қарттардың  жағдайы тіптен қиын. Мамандар кемі 5-6 айдан кейін егде жастағы азаматтардың 20 пайызында есте сақтау қабілеті нашарласа, 34 пайызы тіпті қарапайым сөз құрастырудан қиналған. Ол – Альцгеймер мен Паркинсоның бастапқы белгілері.

"Қазір жұқпалы індеттің салдары әлі зерттелуде. Нақты бір тоқтамға келген жоқ. Негізінде ұзақ және қысқа мерзімді синдромдар бар. Бірі 3-4 айдан кейін болса, екіншісі  жарты жылдан белгілі болады. Ең қиыны, зейнеткерлерге ауыр соққы болды. Себебі қарапайым коммуналдық төлемдерді қалай төлеу керек екенін де ұмытып қалған. Сондай-ақ танымал нейро ғалымдар қарттар арасында бұрын сирек кездесетін "Альцгеймер" ауруы погрессивті түрде дамып жатқанын айтады", – деді дәрігер.

Қазір әлем ғалымдары "постковидтік синдром" салдарын емдеудің методикаларын жан-жақты қарастыруда. Әзірге нақты протоколы жоқ. Десе де дәрігерлер зақымданған ағзаны әзірге таза ауада ұзақ жүру, дұрыс тамақтану арқылы ғана қалыпқа келтіруге болатынын жеткізді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр