Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актриса Сая Оразғалиева үшінші сәбиін дүниеге әкелді

Былтыр екінші рет тұрмыс құрған актриса Сая Оразғалиева тағы да ана атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

© instagram.com/saya_orazgaliyeva

Актрисаны жақсы жаңалықты сүйіншілеп құрбылары Жәния Джуринская, Луина мен Дана Есеева құттықтады. 

“Тағы бір батырдың дүниеге келіумен құттықтаймын! Жақындарымыз тағы да ата-ана атанды. Бауы берік болсын”, – деп ақ тілектерін арнады құрбылары.

Актрисаның қазіргі жағдайы жақсы. Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында айтты.

“Бәріне сәлем! Құттықтауларыңызға рахмет! Ұлымыз екеуіміздің жағдайымыз жақсы. Демалып жатырмыз”, – деді ол.

Еске салайық, осыдан бір жыл бұрын Сая Оразғалиева Ілияс Иминов есімді азаматпен шақырақ көтерген болатын. Сол жылы Имран есімді ұл баланы дүниеге әкелді.

Stan.kz
Сәрсенбі, 14 Желтоқсан, 2022 12:13