Ақтөбеде мектеп оқушысы өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді
Ақтөбеде полицейлер жергілікті тұрғынның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Құқық қорғаушылардың бір нұсқасы бойынша, марқұмды 16 жастағы қызы өлтіруі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мой Город басылымына сілтеме жасап.

Әзірге полицейлер қылмыстық істе күдікті ретінде марқұмның кәмелетке толмаған қызы мен оның 19 жастағы досы танылғанын растады.
"Кісі өлтірді деген күдікпен 19 жастағы жігіт пен 16 жастағы мектеп оқушысы тергеу изоляторына қамалды. Аталған деректен кейін Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Қылмыстық іс туралы өзге мәліметтер тергеудің құпиялығына байланысты жария етілмеді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды