Ақтөбеде әкесі өзінің 1 жасар баласын көлікпен қағып кетті
Ақтөбеде әкесі өзінің бір жасар баласын көлікпен қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, оқиға 7 тамыз күні орын алған. Бау-бақша ұжымындағы өз үйінің ауласында 48 жастағы Opel Astra автокөлігінің жүргізушісі артқа жүремін деп бір жастағы баласын қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала басынан ауыр жарақат алып, шұғыл түрде облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды.
Өз кезегінде Ақтөбе облысының полиция департаменті жолдарда және аулаларда қырағы болуды өтінді.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды