Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында дәрет сындырмақ болған ер адам 2,5 миллион теңгесін ұрлатып алды

Ақтөбе облысында екі жігіт фармацевтикалық компания қызметкерін ұрып-соғып, байлап тастаған соң, 2,5 миллион теңгесін алып кеткен.

Бұл туралы Кerek-info порталы хабарлады.

Оқыс оқиға 8 ақпан күні тал түсте – 12.30-да болған. Қандыағашқа келген компания қызметкері дәріханаларды аралап шығып, сатылған дәрі-дәрмектердің ақшасын жинап алған екен. Ақтөбеге қайтар жолда табиғи қажеттілігін өтемек болып тоқтаған оның қасына “Жигули” көлігімен екі жігіт келіпті. 25-30 жас шамасындағы екі бейтаныс дәрігерлік бетперде тағып алған. Олар қызметкерді ұрып, байлап тастап, көлікке отырғызып, өздері ақшаны алып кеткен.

Жәбірленушінің жұмысқа шыға алмай отырғанына бір апта болған. Қабырғасынан соққы алып, беті-қолы жараланып, қатты күйзеліске түскен.

«Мен қолымды босатып алдым да, көліктен түстім. Көмек сұрау үшін көлік тоқтаттым. Өтіп бара жатқан жүргізуші тоқтап, менің аяғымдағы жіпті шешіп алды», – дейді ол.

Қазіргі уақытта күдіктілер іздестіріліп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Атырауда бауырын өртеніп жатқан үйден алып шыққан 5-сынып оқушысы марапатталды

Келер жылдан бастап жоғарғы сынып оқушылары төрт пәнді ағылшын тілінде оқиды

Атыраулық қаңғыбас жеке куәлігін қалпына келтіріп, жұмысқа орналаса алмай жүр (видео)

Барлық жерде Сәке-Бәкелер: Ақтөбелік зейнеткерлер мен мүгедектер биліктегілерді жемқор деп айыптады

Талқылау