Ақтөбе облысында тұрғын үйдегі өрттен 50-ден аса адам құтқарылды
Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысының Хромтау қаласында 3 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде жеке заттар өртенген. Құтқарушылар өрттен 50 адамды эвакуациялап, қауіпсіз жерге шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында шақыру түскен сәттен бастап 31 минут ішінде өрт сөндірілді.
"ТЖМ күштері үш иінді сатының көмегімен 15 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарып, баспалдақ маршымен 40 адам, оның ішінде 12 бала эвакуациялады. ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды", – делінген министрлік хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Абай облысында Семей орманы аумағындағы алапат өрттен қаза тапқан Серікжан Тоқтасынның ата-анасы әлі күнге дейін жәрдемақы алмағанын жаздық. Орманшының туыстарына шенеуніктер марқұмның кәмелетке толмаған балалары болмаған соң қаржылай көмек көрсетілмеді деген екен.
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды
"Түрме - осы өмірдегі тозақ"
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды