Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе дәріханаларында антибиотиктер жоқ: Әкімдік түсіндіріп берді

Қаладағы дәріханаларда антибиотиктер мен антипиретиктер жоқ, дәріхана қызметкерлері дәрі-дәрмектерді 30 маусымда жеткізетін болды дейді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Әсел Қалиев, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол келіссөздер жүргізіліп, қажетті шаралар орындалып жатқанын айтты.  

"Дәріханалар дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі, осыған байланысты фармацевтикалық компаниялармен және дәріхана иелерімен келіссөздер жүріп жатыр", - деп сендірді Әсет Қалиев.

Облыс әкімдігі дәрі-дәрмектің жақын арада жеткілікті болатынын айтты. Қазіргі таңда жағдайды бақылауымызға алдық дейді олар. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше барлық ауруханалар қажетті дәрілермен қамтамассыз етіледі ал дәріханаларда жеткіліксіздік әлі сақталады. 

"Дәрі-дәрмектер дәріханаларға жеткізіліп жатыр, бірақ әзірге біз бөлшек сауда желісін дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз ете алмаймыз. Медициналық мекемелер дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Бөлшек сауда желісінде проблема бар, қала тұрғындары арасында сұраныс жоғары. Мәселе жергілікті биліктің бақылауында. Фармацевтикалық компаниялармен, соның ішінде Ресеймен кездесулер өткізілді, дәрі-дәрмектерді жеткізу жалғасуда. Біз тауар көлемін арттыруға тырысамыз", - деді ол.

Талқылау