Ақтауда коммуналдық қызметкерлер жалақыларын көтеруді талап етіп, көшені жауып тастады (видео)
Ақтаудағы коммуналдық компанияның қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, жолды жауып тастады. Оладың ереуілдеген видеосы әлеуметтік желілерде таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облысының әкімдігінің хабарлауынша, наразылыққа шыққандар West Recycling Company компаниясының қызметкерлері. Олар Ақтауды санитарлық жағынан тазалаумен айналысады.
"Қызметкерлер жалақыны көтеру туралы талап қойды. Олар жолды жауып тастауға тырысты. Осыдан соң олардың алдына облыс әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров барып, заңсыз акцияға шыққандарын айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осыдан кейін тұрғындарды келіссөздерге шақырды. Қазіргі уақытта жол ашылған.Наразылыққа шыққандар облыс әкімінің орынбасарымен бірге жиналысқа қатысуда”, – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Соңғы жарияланған видеоларға қарағанда, қала жолдарындағы қозғалыс қалпына келген.
Талқылау

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр

"Қысқа мерзімді жеңілдіктер ұзақ мерзімді дағдарысқа ұласуы мүмкін": Сарапшылар Қазақстанда шұғыл енгізілетін шараларға қатысты пікір білдірді
Оның айтуынша, жаңа салық кодексінде әзірге айтарлықтай өзгеріс жоқ