Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау тұрғыны кәмпиттен құрт тауып алды

Ақтау қаласының тұрғыны осы аптада 8 шағын ауданда орналасқан "Altyn Food" супермаркетінен "Буратино" шоколад батончиктерін сатып алған. Кәмпиттер бір реттік пакеттерде өлшеніп тұрған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada басылымына сілтеме жасап. 

Әйел үйге келіп шай ішіп жатқанда кәмпиттің ішінен құрттардың жыбырлап жүргенін көреді. Ашуланған Ләзім оларды қайта супермаркетке апарған. Алайда олар жеткізуші компанияның кінәлі екенін айтқан, ал әйел бұған кінәлі дүкен әкімшілігі деп ойлайды. 

“Altyn Food” супермаркетінің әкімшілігі бұл жағдайды растады.

“Бұндай жағдай біздің тәжірибемізде бірінші  рет болып тұр. "Буратино" батончиктері – тез сатылып кететін тауарлардың бірі. Олар бізге апта сайын жеткізіледі. Бұған жеткізуші компания кінәлі деп санаймыз. Олармен біз бұл мәселені шешіп, тауарды қайтардық", – деп түсіндірді әкімшіліктен. 

Айта кетсек, екі апта бұрын тағы бір Ақтау тұрғыны осы супермаркеттен сатып алған ұнның ішінен құрттар тауып алған. Анықталғандай тауардың мерзімі осы жылдың наурыз айына дейін жарамды болып шықты. Осы кезде "Altyn Food" супермаркетінің әкімшілігі бұл тауарға 10-нан аса адамнан шағым келіп түскенін айтып, тағы да оқиғаға ұнды тасымалдаған компанияны кінәлаған.

Сондай-ақ сатып алушы супермаркет әкімшілігінің ақшасын қайтарып бергілері келмегенін айтты. 

 

 

Талқылау