Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақша табуым әкеме тартқан": Айжұлдыз Адайбекова әкесін есіне алды

Танымал актриса, кәсіпкер Айжұлдыз Адайбекова марқұм әкесін еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/

Өнер иесінің айтуынша, болмысы әкесіне тартқан. 

“Егер әкем тірі болғанда бауырым болуы мүмкін еді деп ойлаймын. Мен Америкаға кетіп, сол жақта тұрар ма едім. Бірақ Құдайдың өз жоспары бар, ол қателеспейді. Өзімді ешқашан жалғыз, әкесіз өстім деп есептемедім. Физикалық тұрғыда қасымда болмаса да, ол әрдайым менің ішімде деп ойлайтынмын", – деп жазды актриса. 



Сондай-ақ замандастарына әке-шешені бағалап, қадірін біліңіздер деп кеңес айтты. 

"Ата-анасынан айырылғандарды қолдағым келеді. Сіздердегі сағынышты жақсы түсінемін. Бірақ ештеңе жайдан-жай емес. Бәрі – құдайдың бұйрығымен болатын дүниелер. Мінезім, тәуекелшілдігім, ақша табуым әкеме тартқан. Оған сол үшін алғыс айтамын. Қасымда болмаса да, өмір бойы оны, тәрбиесін сезіп келемін. Әке-шешені бағалаңыздар, құрметтеңіздер. Хабарласып, жақсы көретініңізді айтыңыздар", – деп кеңес айтты Айжұлдыз. 

Фото: https://www.instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/

Еске салайық, Айжұлдыз Адайбекова жігітінің сүйіп тұрған фотосын жариялап, желіні шулатқан еді. 

Талқылау