АҚШ-та автоматпен қаруланған ер адам 22 тұрғынды атып өлтірді
АҚШ-та Мэн штатының Льюистон қаласында екі рет жаппай атыс болып, соның салдарынан 22 адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Атыс Recreation, Mollison way боулингінде және Линкольн көшесіндегі Schemengees bar & grille мейрамханасында болған. Соның кесірінен 60-қа жуық адам жарақат алған. Күдіктіні іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Тергеу аяқталғанша барлық бизнес өкілдеріне уақытша жабылуға кеңес береміз", — деді Андроскоггин округінің шериф кеңсесі.
Күдіктінің мылтық ұстаған фотосы жарияланған. Ол 40 жастағы Роберт Кард екені анықталды.
Льюистонға жақын Оберн қаласының билігі де тұрғындарға атыс жағдайына байланысты үйден көп шықпауға кеңес береді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды