Ақмола облысында 15 жастағы жеткіншек жұмбақ жағдайда көз жұмды
Бұланды ауданында жасөспірім денесін күйік шалып қайтыс болды. Жеткіншектің денесін әкесі тауып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/nayzakokshe
Қайғылы жағдайдың қалай болғаны жайлы бірнеше нұсқа бар. Оның бірі, бала мотоциклін өзі жөндемек болған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
“Баланың мәйітін тапқанда оның үстінен жанармайдың иісі шығып тұрған. Сондай-ақ оның денесін, екі қолы мен бетін күйік шалған. Мотоцикл өртенгенде ол шұңқырға құлап кеткен болуы керек”, – деп жазды nayzakokshe Instaram парақшасы.
Ақмола облысының полиция департаменті болған жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"