Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкімдік үлескерлердің мәселесін шешпеуі керек – сарапшылар

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы екі ТҮК-нің алданған үлескерлерінің мәселесіне орай, құзырлы органдармен бірігіп, құрылыс компаниясының іс-әрекетінің заңдылығын тексеруді тапсырды.

Бұған Медеу ауданы тұрғындарымен кездескенде халықтың өтініші себеп болған. 

"Прокурордан осы істі қадағалауды сұраймын. Егер іс желтоқсанда қозғалса, тездетейік, тергеуді аяқтап, сотқа берейік. Егер арест салынса, неліктен пәтерлер әлі сатылып жатыр? "Үш қоңырға" арест салынғаннан кейінгі барлық шартты бұзу қажет", - деді Алматы әкімі. 

Іле-шала 5 наурызда "Lider Group Consalt" ЖШС директоры және бірнеше лауазымды тұлғалар, "Үш қоңыр" және "Весновка" тұрғын үй кешендерін салушылар қамауға алынды. Оларға 2 айға қамау туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Заңгер Жәнібек Башановтың пікірінше тұрғын үй құрылысы саласында алда-жалда бұл түйткілмен кездессеңіз, заң аясында шешу қажет. Бұл үшін арнайы қадағалау және тергеу органдары бар. 

"Тұрғын үй құрылысына байланысты құқығыңыз бұзылса, қол қусырып отырудың қажеті жоқ. Дереу арыз жазып, заң аясында туындаған мәселені шешу қажет. Мұны құқықтық тұрғыда шешу керек, егер сіздің шағымыңыз дәлелді болса, онда тиісті шаралар қабылданады", - деді заңгер Жәнібек Башанов