Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкімдер жұмыссыздармен жекеленген жұмыс жүргізеді: Үкімет басшысы тапсырма берді

Премьер-министр Асқар Мамин әкімдіктерге жұмыссыз әрбір қазақстандықтың профилін қалыптастыруды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында олармен мақсатты жұмыс жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Асқар Мамин

Үкімет отырысында министрлер кабинеті соңғы жеті айдағы жұмыспен қамту мәселелерін қарады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстандағы жұмыссыздар саны сегіз есеге артқанын айтты.

Асқар Мамин еңбек министрлігіне барлық мүдделі органдар мен әкімдіктермен бірге мемлекеттік бағдарламаларда қарастырылған қаражаттың толық пайдаланылуын және шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Үкімет басшысы сонымен бірге электрондық еңбек биржасының бизнес-процестерін оңтайландыру бойынша шаралар қабылдау және жұмыспен қамту шараларымен белсенді қамтуды дамыту қажеттігін айтты.

"Әкімдіктер әр жұмыссыз адамның профилін қалыптастырып, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін олармен мақсатты жұмыс жүргізуі керек. Жұмыспен қамтудың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орындарын құруға ерекше назар аудару қажет", - деп тапсырды үкімет басшысы.

Мамин сонымен қатар ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы министрліктеріне, «Атамекен» Ұлттық палатасына және әкімдіктерге үндеу тастап, бизнес бастамаларын дамыту және қолдау бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.

Жыл соңына дейін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және басқа салалық бағдарламалар аясында 1 миллион 220 мың адамды жұмыспен қамту шаралары жоспарланған.



Талқылау