Абай облысындағы орман өрті 11 күн бойы сөндірілді
Абай облысы Бесқарағай ауданындағы орман өрті 11 күн бойы сөндірілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Семей орманы" Мемлекеттік орман табиғи резерваты өкілдерінің айтуынша, 26 шілде күні сағат 18:00-де Бесқарағай аймағындағы орман өрті толығымен сөндірілді. Өрт аумағы 385 гектарды құрады.
Еске салайық, 15 шілдеде өртке қарсы қызметке Бегеневский орман шаруашылығында құрғақ шөп өртеніп жатқаны және орман қорына қауіп төніп тұрғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына "Семей орманы" ТЖМ және Абай ауданы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дереу аттанды.
Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды