Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кітапхана, музей, ескерткіштер: Абай облысында тұрғындар үшін мәдени шаралардың орны бөлек

Қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын Абай облысының тұрғындары үшін мәдени шаралардың орны бөлек. Оған себеп бүгінде аймақта мерекелік шаралардан бөлек, естелік күндер атап өтіліп, қоғамға пайдасын тигізіп жүргендер көп алдында марапатталып жүр. Мұнда өскелең жастардың өнерін өрлейтін жобалар да, ересектерді рухани құндылықпен сусындататын шаралар да әркез ұйымдастырылып тұрады.  

Тарихы тереңде жатқан Абай облысында 423 тарих және мәдениет ескерткіштері бар. Оның ішінде 13 – Республикалық маңызы бар, 410 – жергілікті маңызы бар ескерткіштер. Атап айтқанда 66 – қала құрылысы және сәулет, 49 – монументалды өнер ғимараттары, 14 – ансамбльдер мен кешендер, 271 – археология, 10 – қасиетті нысандар бар. 

Аймақта жастар үшін де ересектер үшін де арнайы мәдени кештер жүргізіледі. Мәселен, жастар арасында Абай облысы мәдениет тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының “Ашық микрофон” шарасы ұйымдастырылады. Мұнда әр кезде әртүрлі тақырыптар қойылып сол бойынша жастар арасында көркемсөз оқылып, ән шырқалып, би билейді. Атап айтқанда мұнда аймақтағы өнерлі жастар сахнаға шығып Арбат алаңында өз өнерлерін көрсетеді. Бұл олардың бойындағы таланттарын шыңдап, алға дамуға көмектеседі. Сол арқылы жастар өнерлерін паш етіп қала тұрғындары мен қонақтарының көңілін көтеріп, демалыс сыйлайды.

Одан бөлек, тұрғындарды білім нәрімен сусындап, рухани байыта түсетін орын кітапханалар да бұл өңірде белсенді жұмыс атқарады. Кітапханалар қызметі ақпаратты сақтаумен ғана емес, сонымен қатар кітаптың қадір-қасиетін насихаттауға тырысады. Облыс кітапханалары адамдардың шығармашылық әлеуетінің дамуына ықпал етуде. Әсіресе жастар үшін ең керекті дүниелерді бере алады. 

Өнерлі тұрғындары көп Абай облысында “Дариға-ай” театры жұмыс істейді. Талмай еңбектенудің арқасында театр биыл XV Халықаралық түркі тілдес халықтар арасында өтіп жатқан “Мың тыныс. Бір дауыс” атты театр фестиваліне қатысты. Театр ұжымы Шекспирдің “Ричард III” (реж.Дина Құнанбай) трагедиясымен Түркияға барып сынға түсті. 

Театрдан бөлек, “Асыл домбыра” ақындар айтысы, “Жайна Абай облысы” атты қолөнершілер мен суретшілер жәрмеңкесі ұйымдастырылып тұрады. Бұл жастардың рухын арттырып, бойындағы жақсы қасеиеттерін шыңдай түспек.

Жалпы Абай облысында мәдениетті насихаттау жұмыстары тереңінен жүргізіледі. Тарихы терең өңірде ескерткіштер мен музейлер де жетерлік. Соған сай тұрғындар да қоғаммен етене араласып, рухани құндылықтарды дамытда үлес қосуда. 

Гүлсезім Мұхатай
Дүйсенбі, 19 Маусым, 2023 14:30