Нұр-Сұлтан билігі Абай мен әл-Фараби туралы мақалаға 10,7 миллион теңге жұмсамақшы
Нұр-сұлтанда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев пен атақты философ әрі матикатик Әбу Наср әл-Фараби туралы мақалаға 10,7 миллион теңге жұмсамақшы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тапсырыс беруші - Нұр-Cұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы; атауы – ақпараттық материалдарды дайындау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау/тарату бойынша қызметтер; қосымша сипаттама - Абай Құнанбаев, әл-Фараби шығармашылығының әлеуметтік аспектілері және елорданың мәдени дамуының маңызды мәселелері туралы материалдарды республикалық журналда мемлекеттік тілде орналастыру; жоспарлы сома - 10 714 285,72 теңге", - делінген 21 шілдеде жарияланған мемлекеттік сатып алу порталында.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау - 28 шілде мен 12 тамыз аралығы.
Конкурсқа техникалық ерекшелікте қызмет көрсету мерзімі – жыл бойы және салынатын материалдардың жалпы көлемі – 48 000 шаршы см.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі