Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

86 жастағы талдықорғандық әжейдің биі жұртты таңғалдырды (видео)

Бүгін Ілияс  Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында ардагерлер ұйымының 30 жылдық мерейтойына орай «Қарттардың да өнерге бар таласы» атты өнер байқауының гала-концерті өтті.

20170328221741

Концертке қатысушылардың ең үлкенінің жасы 86-да, деп хабарлайды Stan.kz облыс əкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гала-концертте қариялар өздерінің өнерлерін ортаға салды.

Облыстың түкпір-түкпірінен келген ардагерлер ұлттық би билеп, ән салды, сиқыр көрсетті. Олардың хормен салған әндері, оркестрмен орындалған композициялары да әсерлі шықты.

Жамбыл ауданының тұрғыны 86 жастағы Үмітжан Ботбаева қазақтың ұлттық биін  билеп, көрермендерді тамсантты. Үмітжан апа – Жамбыл аудандық ардагерлер ансамблінің бишісі.

Облыс əкімі Амандық Баталов та Үмітжан апаның биіне тəнті екенін жеткізді.

“Жастарыңыздың ұлғайғанына қарамастан бойларыңыздағы күш-қуат, өнерге деген сүйіспеншіліктеріңіз жастарға үлгі болып қана қоймай, оларды рухани жағынан байыта түсті. Мұндай концерттерді облыстың әр аумағында өткізуге болады. Біз тіпті сіздердің республикалық және халықаралық деңгейдегі шараларда көрсететін өнерлеріңізге қолдау көрсетуге дайынбыз”- деді ардагерлерді құттықтаған өңір басшысы Баталов.

Гала-концертті Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжанов тамашалап, қарияларды шын жүректен құттықтады.

Талқылау