70-тен 200 мың теңгеге дейін: Министр қазақстандық мұғалімдердің жалақысын атады
Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нұр—Сұлтанда өткен тамыз конференциясында мұғалімдердің орташа жалақысын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Министрдің сөзінше, еліміздегі жас мамандардың жалақысы кемінде 70 мың теңгені құрайды.
«Мұғалімдердің жалақысы әртүрлі. Егер жас маман болса, кемінде 70 мың теңге жалақы алады. Жалақысы екі есе өскенде қанша болатынын есептей беріңіз. Ал мұғалім туралы айтатын болсақ, ол сабақты ағылшын тілінде жүргізсе, шебер педагог болса, бүгінде жалақысы 200 мың теңгеге дейін жетеді», - дейді Аймағамбетов.
Сонымен қатар ол мұғалімдер еңбегін төлеу жүйесінің белгілі бір ерекшеліктері бар екенін атап өтті.
«Сонымен қатар жалақы ауыл немесе қала, педагогтың санатына – шебер немесе еместігіне, сыныбы бар-жоғына байланысты», - дейді білім министрі.
Еске сала кетсек, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің жалақысын екі есе өсіруді тапсырды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды