Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“70%-ы ақылы бөлімде оқиды”: Сенатор сұранысқа ие медицина мамандықтарына грант санын арттыруды ұсынды

Бүгінгі сенат отырысында өңірлердегі кадр тапшылығын жою үшін бірқатар медицина мамандықтарына грант санын арттыру ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Parlam.kz

Сенатор Нурия Ниязованың айтуынша оқу-ағарту министрлігі жалпы медицинадан гөрі дәрі өндірісіне көбірек грант бөледі. Ол депутаттық сауалын премьер-министр Олжас Бектеновке жолдап, бірқатар шешім ұсынды.

“2023 жалпы медицинаға бар жоғы 250 грант бөлінген. Бірақ бұл мамандық бойынша барлық болашақ жалпы практика дәрігерлері, бейінді мамандар, травматологтар, нейро - және қан тамырлары хирургтары, офтальмологтар, онкологтар, акушер-гинекологтар, кардиологтар оқытылады. Бұлар – қазір өңірлерде жетіспейтін мамандар. Педиатрия мамандығы бойынша былтыр 109 грант бөлінген. Ал ол болашақ неонтологтар, болашақ балалар дәрігерлері. Жыл сайын елімізде 3-4 мың медицина маманы жетіспейтіні байқалады”, – деді сенатор.

Сондай-ақ сенатор Денсаулық сақтау министрлігі жетіспейтін кадрларға лайықтап ықпал етуі керек екенін айтты. Сонымен бірге "Фармөндіріс" мамандығы бойынша бөлінетін гранттар санын азайтуды және "жалпы медицина", "Педиатрия", "Қоғамдық денсаулық сақтау" сияқты сұранысқа ие мамандықтарға білім беру гранттарын ұлғайту үшін мемлекеттік тапсырысты қайта бөлуді ұсынды.

Талқылау