52 адам тірідей жанып кетті: Автобус жүргізушісіне сот үкімі шықты
Түркістан облысында Өзбекстанның 52 азаматы өртеніп кеткен автобус жүргізушісіне сот үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық соттың баспасөз қызметі.

«Түркістан облысының Сарыағаш аудандық соты О.М-ны ҚК-нің 348-бабының 4-тармағымен кінәлі деп таныды. Оны үш жылға бас бостандығынан айырды», – делінген хабарламада.
Соттың мәліметінше, жәбірленушілердің талабы ішінара қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, 18 қаңтарда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жолаушылар автобусы өртенді. Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, бес жолаушы өрт шалған көліктен сыртқа шыға алған. Ал 52 адам оқиға орнында қайтыс болды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды