4 жасар қыздың шешпей тағып жүрген резеңкесі қолына бітіп өсіп кеткен
Дәрігерлер резеңкені алу үшін бүлдіршіннің терісін кесті.
Қытайдың Аньхой провинциясында 4 жасар қызға ота жасалып, қолына өсіп кеткен резеңке алынып тасталды.
Атасы мен әжесі немересінің қолындағы ісікті қаңтар айында көрген. Қыз бала қолының ауырғанын айтқанымен, олар ешнәрсе істемей ата-анасының келуін күткен. Ата-анасы келіп, қызын дереу дәрігерге қаратады.
Дәрігерлер ісіктің не екенін біле алмаған. Бірнеше емханаға қаратып жүріп, ақырында қыздың қолына резеңке бітіп кеткені анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, қыз бала 6 ай бұрын резеңкені қысып тұрса да қолына тағып жүрген. Ол шешілмеген соң қолына бітіп өсіп кеткен.
Дәрігерлер резеңкені алу үшін бүлдіршіннің терісін кесті. Ота 30 минутқа созылды.
Тағы да оқыңыз:
Әлем үшін тарихи күн: Екі Корей елі арадағы жанжалды тоқтату туралы келісімге келді
Бұрынғы стриптизер Вероника Бэкхем бай клиенті мұрагерлікке қалдырған ақшаға ие болды