37 градусқа дейін ыстық болады: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазгидромет алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы күндері, Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің қалған бөлігінде ұзақ уақыт бойы ауа-райын, оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер анықтайды. Мұнда жаңбырлы ауа райы болжанады. Найзағай, екпінді желмен қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Республиканың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, қатты жел болуы мүмкін.
Температуралық фон ерекше өзгерістерге ұшырамайды. Күндіз батыста +30 +37°С, оңтүстік-батыста +27 +37°С, солтүстік-батыста +27 +35°С, солтүстікте, шығыста +22 +30°С, орталықта +20 +28°С, оңтүстікте, оңтүстік-батыста, елдің шығысында +30 +35°С, ал таулы аймақтарда +25°С шамасында ыстық болжанады.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды